Бүлдіршіндерді бақытқа бөлеген байқау

Сондықтан ел көлемінде түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Балаларды шаттыққа бөлеген "Әнші балапан – 2022" балалар байқауын Шөмішкөл елдімекенінің ауылдық клубында ұйымдастырып, өткіздім. Байқауда 2-6 жас арасындағы бүлдіршіндер тек әннен емес, би мен көркем сөз оқудан да жарысқа түсті.
Қылығы балдай, тілі тәтті балақайлардың арасындағы байқаудың қорытындысы бойынша ән айту жанры бойынша Назкен Серікбай І орынды жеңіп алса, "Ақбота" балабақшасының тәрбиеленушісі Ғибрат Оңғар би жарысында жеңіске жетті. Ал "Балбөбек" балабақшасының тәрбиеленушісі Айжұлдыз Сейітжанқызы көркем сөз оқушылар арасында үздік шықты.
Мемлекет басшысының «Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» деген сөзі барша қазақстандықтың ұранына айналу керек. Сондықтан мұндай және өзге де шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таба береді.
Айшолпан Нұрманова,
"Ақбота" балабақшасының музыкалық жетекшісі