Болашақ үшін таңдау жасады

Таң бозара өз сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасаған белсенді жастардың қатарында аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Әнуар Тоқтамысов та бар. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосатын азамат:
– Еліміздің болашағы үшін, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз таңдауымды алғашқылардың бірі болып таңдадым, - деді әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл саяси науқанға таң ертесімен атсалысып, өз таңдауларын жасап жатқан аралдықтар баршылық. Барлығы да еліміздің болашағы үшін айрықша сәтте өз белсенділіктерін танытуда.