Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі айтылды

Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі айтылды

ҚР АҚДМ өкілдері Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері қызметкерлерімен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Министрлік өкілдері барлық деңгейлерде уәкілетті тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар берді.

Заң нормаларын іске асыру бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің проблемалары қызу талқылау тақырыбына айналды. Айтылған жайттар ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысына шығарылады.

БАҚ және басқа да тұлғалардың заңмен тыйым салынбаған отырыстарға кіре алуы, ведомствоның ресми парақшаларында ақпараттың дер кезінде жариялануы және халықтың сұрақтарына жедел жауап беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша әкімдіктер ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Министрлік мұндай кездесулерді барлық өңірлерде өткізуді жоспарлап отыр.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

10 маусым 2022 ж. 468 0