Елде электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттайды

Оған сай, кейбір стансаларда баға 25 пайызға дейін көтерілмек. Негізі жарық өндіретін елімізде 47 станса бар.
Соның 26-сы тарифті қымбаттатпақ. Қалғанында баға сол күйі қалады. Десе де қуат құнының нақты қай өңірде қаншаға өсетіні әзірге айтылмай отыр.
Айта кетейін жарық жыл басынан бері онсыз да 9 пайызға қымбаттаған.
Ал элетрқуатын тұтыну бір жарым пайызға көбейіп отыр.