МӘСКЕУДЕН АҚПАРАТ: СЫР ЖУНАЛИСТЕРІ МӘСКЕУДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА

Аталмыш іс-сапарды облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина, Елена Шмарина, "Сыр медиа" ЖШС директорының орынбасары Қаныбек Әбдуов бастап барды.
Мәскеуде жүрген БАҚ өкілдері қаланың әсем жерлерін аралап, көруде. Олар əуелі Мəскеу қаласындағы Əлия Молдағұлова атындағы мектепке барып, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мектептегі музейге кіріп, мектеп ұжымымен оқушыларымен кездесу өткізді. Музейге елден қол өнер туындысы қобыз, домбыра, шаңырақ сынды ұлттық құндылықтарымызды тарту етті. Одан әрі Мəскеудің əйгілі орталық қорымы, мұқым КСРО-ға əйгілі қайтыс болған мемлекет қайраткерлері жатқан Ваганков қорымына барып, шығыс жұлдызы атанып, небəрі 23 жасында қайтыс болған жерлесіміз Ғани Мұратбаевтың басына гүл шоғын қойып, құлыптасын тазалап, құран оқыды.
Дәл қазір журналистер МГУ-да өтіп жатқан семинарға қатысуда. Семинарда бүгінгі таңдағы БАҚ саласындағы өзекті мәселелер қозғалуда. Сондай-ақ бірнеше мемлекеттен келген аталған саланың мамандары медиакеңістік жайында пікір алмасу жоспарланып отыр.
