«АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі Арал ауданында
Бүгін «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Геннадиевич Шиповских ауданымызға іс-сапармен келді. Алдымен Аққұм ауылдық округі Шижаға елді-мекенінің тұрғындарымен кездесіп, елдегі болып жатырған оң өзгерістерге тоқталды және тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға тұшымды жауап берді.
Бұдан әрі халық қалаулысы Аралдың ақ алтыны атанған Тұзды өлке Жақсылыш кентіне барып, «Аралтұз» АҚ тұз өңдеу зауытының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында қызметкерлер өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Тиісінше сұрақтарға жауап беріліп, аталған ұсыныстарды өз деңгейінде жеткізетіндігін айтты.
Жұмыс жоспарына сай Геннадий Геннадиевич Шиповских «АМАNАТ» партиясы Арал аудандық филиалында аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар жеке мәселелерімен келіп, оның ішінде тұрғын үй , жұмыссыздық және тағы басқа өтініштерін білдірген болатын. Әр азаматтың өтініштері мен талап тілектеріне өз тарапынан заң аясында түсіндірме беріп, шешілу жолдарына жұмыс жасайтындығын білдірді.
"Толқын" ақпарат