Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты Жіңішкеқұм ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Жіңішкеқұм ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Бүгін ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Жіңішкеқұм ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, апаттық жағдайдағы мектептің жай-жапсарымен танысты.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында төмендегі мәселелер көтерілді.
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ү.Қуатов:
– Арал теңізінің тартылуы бәрімізді алаңдатады. Мемлекетаралық деңгейде мәселені көтеру қажет. Дария толық құйылмайды. Осының салдарынан қуаңшылық белең алуда. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия жеңілдіктері өз деңгейінде бөлінбеуде. Осы орайда, аталған мәселелер бойынша тиісті шараларды қарастыруды сұрады.
2. Ауылдағы дәрігерлік емхана көнерген, қыста суық, жаңадан емхана салынса және мектептің апатты жағдайға ұшырауы балалардың білім алуына кедергі тудыруда.
3.Жайылым жерлердің аздығы, қуаңшылыққа душар болған мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатуда. Осы орайда, жайылымдық жердің ұлғайтылуын сұрады. 
22 ақпан 2022 ж. 703 0