"Алтын белгі" иегерлері жеңіске жетті

Айрықша атап өтерлігі, Арал ауданының екі түлегі Аршын Әбдіхалық пен Сымбат Жақсылықова 131 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті.
Биылғы оқу жылында қаладағы №260 орта мектебінің «Алтын белгі» иегері, аудандық, облыстық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегері Аршын Арманұлы Әбдіхалық Ұлттық бірыңғай тестілеуден биіктен көрініп, білімді шәкірт екенін дәлелдеді.
Әр білім алушының талабына қанат байлаған мұғалім еңбегі өлшеусіз және білім бәйгесінде бағы жанып, бабы келісуіне ата-анасының қолдауы зор болды. Ата-ана мен ұстаздың үмітін ақтап, қуанышы бола білген Аршын әкесі Арман мен анасы Зауренің екінші перзенті болса, осы шаңырақтағы екінші «Алтын белгі» иегері. Осыдан екі жыл бұрын ағасы Елхан да мектеп абыройын асырып, «Алтын белгіні» кеудесіне таққан еді.
Осындай алғыр шәкірт, ҰБТ-дан жоғары балл жинаған №83 орта мектептің түлегі, "Алтын белгі" иегері Сымбат Бақытбекқызы Жақсылықова:

Біз де табыс төрінен көрінген, арманы асқақ жас түлектер – Аршын Арманұлы мен Сымбат Бақытбекқызының болашақта таңдаған мамандық иесі атанып, өмірде көздеген мақсат-мұратына жетуіне тілектеспіз.
"Толқын" ақпарат