Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметте кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкін

Үкіметте кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкін

Президент күзге қарай Үкіметте кадрлық шешімдер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет.

Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.

Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті», деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
14 шілде 2022 ж. 377 0