Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқабай ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді

Тоқабай ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді

Аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов аудандық мәслихат хатшысы Б. Төрахметовпен бірге Жіңішкеқұм ауылдық округіне барып, тұрғындармен кездесті.

Тұрғындар ауылғаауыз су қажеттілігін айтып, мектеп құрылысы басталған уақытта сапасын қадағалау үшін қоғамдық бақылау орнату жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Ауыл халқының ұсыныстары мен жергілікті жердегі өзекті мәселелерді тыңдаған соң аудан әкімінің орынбасары ауданға қарасты алты ауылдық округ пен елді мекендердің атауы бірдей болғандықтан оларға жаңаша атау беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Соған сәйкес, ауылдық округ немесе елді мекеннің байырғы, тарихи атауларынан тұрғындардың бірауызданкелісімімен ұсыныс жолдау керек екендігін білдірді. Ал өткен жылы бастау алған Тоқабай ауылына ауыз су тарту мәселесіне қатысты республикалық су комитеті мекемесінде бюджетке түзету енгізіліп жатқанын түсіндірді.

Мұнымен қоса тұрғындар тарапынан айтылған тарихи Қарақұм көтерілісіне арналған стелла орнату үшін облыстық басқармаларға ұсыныс жолданғандығы түсіндірілді.

Тоқабайлықтар жол мәселесі мен ұялы байланыс қызметінің шешімін тапқандығына ризашылықтарын жеткізіп, ел игілігіне бағытталған жұмыстардың жүйелі жалғасын табуына тілектестіктерін білдірді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

26 шілде 2022 ж. 749 0