Қарақұм ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді
Кеше аудандық мәслихат хатшысы Б. Төрахметов аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтановпен бірге Қарақұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындары кездесуде жергілікті жердегі түйткілді мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде жол, электр энергиясының қуатын арттыру сынды өзекті мәселелер мен қоса жаңа клуб ғимараты қажеттігінін айтты.
Аудан әкімінің орынбасары ауыл халқының пікірлерін тыңдап, аудан көлемінде жасалып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.
Аудан орталығы мен елді мекен арасын жалғайтын автожолдың қалған бөлігінің жұмыстарын аяқтау үшін жоба-сметалық құжаттарына өзгерістер енгізілгендігін түсіндіріп, жөндеу жұмыстары жалғасатындығын жеткізді.
Электр энергиясына қатысты мәселе де назарға алынып, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданатындығын білдірді.
Ал, ауылдық клуб өзге елді мекендерде де өзекті екендігін айтып, нысанды қайта салу жұмыстары кезектілігімен жүргізілетінін түсіндірді.
"Толқын" ақпарат