Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарының ұсыныстары тыңдалды

Ауыл тұрғындарының ұсыныстары тыңдалды

Кеше аудан әкімінің орыбасары Қ. Әбсұлтанов Құмбазар және Бекбауыл елді мекендерінің халқымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары электр энергиясы, жол және тағы басқа мәселелерді көтерді. Аудан әкімінің орынбасары тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдап, бұл мәселелерді шешу бағытындағы жасалып жатқан жұмыстарды түсіндірді.

Құмбазар елді мекенінде ауыл ішіндегі бірнеше тұрғын үйге берілетін электр энергиясының қуатын арттыру үшін, жоба-сметалық құжаттары әзірленген. Алдағы уақытта тиісті қаржы бөлінген соң, шешімін табатындығын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген жол мәселесіне қатысты да жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісті басқармаға өтінім жолданып, нәтижесі күтіліп жатқанын айтты.

Мұнан өзге де жергілікті жерде көтерілген бірқатар мәселелерге тиісінше жауаптар берілді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

17 шілде 2022 ж. 425 0