«Жәрдем» пойызы – облыста

Бүгінде «Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырдан 6 қарашаға дейін 80 станцияға аялдауды жоспарлауда. Қазіргі уақытта медициналық пойыз облысымызға аялдады. Онда 11 станцияның тұрғындарын тексереді: 11-12 тамыз – Абай, 13-14 тамыз – Аралқұм, 15-16 тамыз – Қамыстыбас, 17-18 тамыз – Бекбауыл, 19-20 тамыз – Байқожа, 21-22 тамыз – Бостандық, 23-24 тамыз – Қаракеткен, 25-26 тамыз – Қараөзек, 27-28 тамыз – Майлытоғай, 29-30 тамыз – Бесарық және 31 тамыз-1 қыркүйек – Сауран. Пойыз бағытына барлығы 7 облыс кіреді: Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары.
syrboyi.kz