Қызылордада табиғи газ бағасының негізділігін талқылауға қатысты комиссия отырысы өтті
Қызылорда облысында табиғи газ бағасының негізділігін талқылауға қатысты комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Биылғы жылдың шілде айында «AMANAT»партиясы фракциясының мүшесі, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайм Кесебаева облыстық «Amanat» партиясы филиалының алаңында өңірдегі газ бағасының қымбат болуы мәселесіне байланысты орталық және жергілікті атқарушы орган, «QazaqGaz» акционерлік қоғамы басшыларының қатысуымен екі жиын өткізілген болатын. Сонда мәселені зеределу үшін министрлік, жергілікті әкімдік, жауапты сала өкілдері мен қоғам белсенділері жасақталған арнайы комиссия құру туралы ұсыныс айтылды.
Аталған комиссияның алғашқы отырысы болып өтті.
Жиынға Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов бастаған энергетика министрлігінің бірқатар департамент басшылары, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының және «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының орталық аппарат қызметкерлері сонымен қатар, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Жиында мәселе жан-жақты талқыланды. Жиын соңында комиссия мүшелеріне зерделеу жұмыстарына екі апта уақыт беріліп, нәтижесі хабарланатын болды.
kyzylorda-news.kz