Аралда дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді

- Спорт - ел мерейін асырып, абыройын арттыратын ауқымды сала. Өңірде «Балалар жылы» аясында демеушілердің қолдауымен 80 ойын алаңы салынуда. Арал ауданында соның 5-еуі жыл аяғына дейін аудан тұрғындарының игілігіне қызмет ететін болады. Бұл кешенде байрақты бәсекелерде, Олимп шыңында Көк Туымызды желбіретер даңқты спортшылар жаттығып шығарына сенімдімін! Жаңа спорт ғимараты құтты болсын,- деді аймақ басшысы.
Нұрлыбек Нәлібаев спортпен шұғылдануға ниетті жастармен жүздесіп, пікірлесті.
Мұнда бір мезетте 40 баланың спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Яғни баскетбол, волейбол, шағын футбол ойнай алады.
Айту керек, мұндай денешынықтыру-сауықтыру кешені Жақсықылыш кенті мен Қамыстыбас елді мекенінде салынуда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі