Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енді

Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енді

Бұл туралы Egemen.kz Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді», деп жазды Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

«Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс», делінген жазбада.
13 қыркүйек 2022 ж. 269 0