Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақирек ауылдық округінің әкімі сайланды

Ақирек ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен Аманжолов Қайрат Қайроллаұлы Ақирек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Қайрат Қайроллаұлы - 1974 жылы 26 қарашада Арал қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2011 жылы Қызылорда қаласындағы Болашақ университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Ақирек ауылдық округіндегі № 63 орта мектебінде іс жүргізушісі болып бастаған.

1994-1996 жылдары Ақирек ауылдық округіндегі № 63 орта мектебінде автокөлік жүргізушісі;

1999-2002 жылдары «Ақбай» шаруа қожалығының есепшісі;

2005-2012 жылдары Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының салықшысы, жетекші маманы;

2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін Акиреқ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсіруде.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

20 қыркүйек 2022 ж. 340 0