Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі сайланды

Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Әлішев Мұхансерік Қуандықұлы Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Әлішев Мұхансерік Қуандықұлы - 1965 жылы 13 наурызда Арал ауданы, Сайғонды елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1988 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын «Спорт және туризм жұмыстарын ұйымдастыру» және 2004 жылы «Болашақ» университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын №248 Тоқабай орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1991-2000 жылдары №248 Тоқабай орта мектебінде «Әскери даярлық» пәнінің мұғалімі, психолог, мектеп директорының сыныптан тыс тәрбие ісі жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырушы қызметтерін атқарған;
2000-2007 жылдары Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2007 жылдан бастап осы кезге дейін Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.
Жалпы еңбек өтілі - 32 жыл.

Оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 20 жыл.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсіруде.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

29 шілде 2021 ж. 837 0