Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның «Үздік педагогтері» анықталды

Ауданның «Үздік педагогтері» анықталды

Биылғы жылдың 26-30 қыркүйегі күндері «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық кезеңі өтті. Осыған орай, Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова аудандық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын қабылдады.
«Үздік педагог» атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі. Конкурсқа кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.Бұл аталмыш шараға аудандағы барлық білім беру ұйымдары бойынша 29 педагог қызметкер электрондық портал арқылы өтініш беріп, құжаттарын тіркеді. Тіркелген құжаттарды білім бөлімінің қызметкерлері, әдістемелік қызметтер, білім беру саласындағы ғылыми және талдамалық ұйымдардың қызметкерлері сондай-ақ, білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан қалыптастырылған 9 адамнан тұратын аудандық комиссия ережеде көрсетілген бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес қатысушыларды балдық жүйемен бағалады.
Комиссия қорытындысымен аудандық (І кезеңде) жоғары балл жинаған педагог қызметкерлер конкурстың облыстық (ІІ кезеңге) шарасына қатысуға ұсынылды.
Аудан бойынша №62 мектеп-лицейдің, информатика пәнінің мұғалімі Алтынбек Киікбаев, №14 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанна Қонарова, №262 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Айгүл Әбілдаева, №220 орта-мектептің бастауыш сынып мұғалімі Райса Изекеева, №220 орта-мектептің бастауыш сынып мұғалімі Балагүл Есенова жеңімпаз атанды.
Санира Нұрқожақызы аудандық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарына шығармашылық табыс тілеп, арнайы куәлік (сертификат) табыстады.
Н. МАРАТҚЫЗЫ
11 қазан 2022 ж. 246 0