Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рәсім барысында Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.

«Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады», делінген хабарламада.
25 қазан 2022 ж. 247 0