Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылжарлықтардың мәселесі әкім назарында

Қызылжарлықтардың мәселесі әкім назарында

Ел Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан басшысы Серік Сермағамбетов Райым ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«9 айдың қортындысымен 9,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайыз болды. Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 17,0 млрд. теңге болатын өнім өндіріп, жалпы өсім 28,7 пайызға жетті. Ауданда өндірілген өнімдердің 70,0 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Есепті мерзімдегі өңдеу өнеркәсібінің өсімі 34,1 пайызды құрады»,- деді Серік Сағитжанұлы.
Аудан әкімі Райым ауылдық округі, Қызылжар ауылының тұрғындарымен кездесуде, тұрғындар дәрігерлік амбулаторияны қайта салу қажеттілігін тілге тиек етіп, жол мәселесін көтерді.
Аудан әкімі емдеу нысанының құжаттары жинақталып, ол бойынша жан-жақты жұмыстар жасалынып жатқанын айтты. Сондай-ақ ауданаралық автомобиль жолының құрылыс барысы өз бақылауында екендігін жеткізді.
Іссапар барысында әлеуметтік мекемелердің жылыту жүйесінің жұмыс барысы сараланды. Аудан әкімі қажетті сұйық және қатты отын қорын толықтай жасақтап, жеткілікті деңгейде ұйымдастыру керектігін айтты.
"Толқын" ақпарат
02 қараша 2022 ж. 373 0