Ерекше аялдама пайдалануға берілді
Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді. Ырысты күрішті шаһар тұрғындары енді автобусты өрт сөндіру көлік кабинасында күтеді. Иә, қағыс естіген жоқсыз. Бұл аялдама Сыр құтқарушыларының креативті жобасы көптің ықыласына бөленіп те үлгерді. Әлеуметтік желі былай тұрсын, өткен әрбір жолаушы бірнеше суретке түсіп ерекше әсер алуда. Жаңа арт-жоба аялдаманы паналау мақсатында ғана емес, ақпараттық көмек ретінде де тиімді. Онда қауіпсіздік ережелермен таныса аласыз. Сондай-ақ жастарға құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығын қалай меңгеруге және азаматтық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны жазылған. Жобаның орналасқан жері кездейсоқ таңдалған жоқ. Аялдама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында орыналасты. Аймақтағы қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерге арналған “Отқа оранған өрендер” атты ескерткіші бар талай кәсіби маманды даярлаған әрі үлкен өрт сөндіру бөлімі аумағында ашылып отыр.
Қызылорда облысы ТЖД
“Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі”
Қызылорда облысы ТЖД
“Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі”