Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Лондонда Қазақстан инвестициялық форумы өтті

Лондонда Қазақстан инвестициялық форумы өтті

Әлемде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты Ресей нарығынан кететін шетелдік компаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті, деп хабарлайды egemen.kz.
Лондон қор биржасында өткен Қазақстан инвестициялық форумына еліміздің жетекші мемлекеттік және жеке компаниялары мен шетелдік бизнес өкілдері қатысты.
Ұлыбританиядағы елші Мағжан Ілиясов форумға қатысушыларға Қазақстан экономикасына инвестиция салудың пайдасы туралы айтып берді. Ол сондай-ақ ықтимал проблемаларды бірге талқылауды ұсынды. Әсіресе, Ресейден Қазақстанға компанияларды көшіру мәселесі көпшілікті қызықтырды. Көшуге бел буғандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Бірнеше жылдан бері өнімімізді Қазақстанға экспорттап келеміз. Біз географиялық себептерге байланысты орынды өзгертуге болатын кезеңге жеттік деп ойлаймыз. Қазақстанды Орталық Азияның хабы ретінде қарастыра отырып, біз бұл көшуге тамаша орын деп шештік. Сіздің елде бизнес ашу және жүргізу үшін тамаша жағдай жасалған», деді Дэвид Кэшман, United Concrete Canvas LTD бизнесті дамыту жөніндегі директоры.
Ынтымақтастықтағы 30 жыл ішінде Ұлыбритания Қазақстан экономикасына 20 миллиард доллардан астам инвестиция салды. 2020 жылы елге салынған инвестиция 36 пайызға, ал бұрын 20 пайызға өскен. Екіжақты саудада да оң динамика байқалады. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымының көлемі 61%-ға өсті.
Елімізде бүгінде Британияның барлығы 575 коммерциялық компаниясы белсенді түрде әрекет етеді. Олар мұнай-газ, тау-кен және өнеркәсіп, сондай-ақ қаржылық қызмет, жоғары технологиялар мен ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Ұлыбритания үкіметі де бизнес байланыстарды кеңейту мен тереңдетуге ықыласты.
10 қараша 2022 ж. 297 2

qBot от 11 қараша 2022 22:33
Оформляйте единоразовую вечную подписку за 1000 ₽ и получите доступ к 150 тыс. платных курсов. Отличный повод чтобы освоить новый навык или профессию. Упомянутый саит вы сможете найти по адресу https://vk.cc/ci7bfG

altryne от 3 желтоқсан 2022 02:51
Привет, мы хотим пригласить Вас на открытие нашего эпичного сервера Lineage2 Interlude рейты x1. Открытие 02.12.2022 в 19:00 МСК https://la2.surge.sh