Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АУДАНДА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен жиын өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқысы ауданда жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткіші туралы болса, екіншісі жұмыскерлердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай электронды жүйесін енгізу жайы қаралды.

Мемлекет басшысының жолдауында айтылған 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы Арал ауданында 100 пайызға толығымен орындалған. Жыл басынан бері айдынды өлкеде 1200-ден аса адам жұмыспен қамтылған. Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы тиісті бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруда тапсырды.

Еңбек шарттарын жүйеге электронды түрде тіркелуі «2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарының» орындалуының нысаналы индикаторының бірі. Осыған орай аумақта орналасқан барлық субьектілермен жұмыскерлер арасында еңбек шарттарын бірыңғай жүйеге енгізу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі С.Сермағамбетов өңірдегі кәсіпкерлік нысандар мен шаруа қожалықтарын элеткронды жүйеге орналастыру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу қажеттігін айтып, жауапты бөлімдерге жүктеді.
"Толқын" ақпарат
29 қараша 2022 ж. 465 0