Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті бақылау жұмыстары жүргізілді

Кезекті бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты қоғамдық бақылау жұмыстары жалғасуда.
Қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілетін мониторингтің кезекті шарасында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әбілбаев Абай Сәкенұлы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Абай» ауылдық емханасына бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында аталған мекемелер ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасалған, мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттар орналастырылған және өзектендірілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілері орналастырылған.
Аралау кезінде топ мүшесі тарапынан «Абай» ауылдық емханасына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған автотұрақ орнату қажеттігі жөнінде ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта да жұмыс тобының бақылау жұмыстарын жүргізетіндігі ескертілді.

"Толқын" ақпарат
09 желтоқсан 2022 ж. 511 0