Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕЗЕКТІ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жұмыстары жалғасын тауып келеді. Сонымен бірге қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілетін мониторингтің кезекті шарасында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әбілбаев Абай Сәкенұлы аудандық кірістер басқармасында бақылау жұмыстарын жүргізген болатын.Қоғамдық бақылау барысында аталған мекеме ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасалғандығын, мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттар орналастырылған және өзектендірілген, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілері орналастырылғандығын барлады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жұмыстары барысында аталған шаралардың барлығы дерлік қамтылған.
Аралау кезінде топ мүшесі тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта да жұмыс тобының бақылау жұмыстарын жүргізетіндігі ескертілді. Айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта шешімін таппақ.
01 желтоқсан 2022 ж. 438 0