Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішевтің төрағалығымен мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы дербес бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округтің жауапты мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.

Жиында жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және өтінішті қабылдаудан бас тартудың мерзім бұзушылығы мен қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер арқылы 59 қызмет түрі көрсетіледі. 2022 жылдың бірінші тоқсаны бойынша барлығы 4268 қызмет алынған.
Сонымен қатар, қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс жасайды.

Алдымен күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Мөлдір Серікқызы хабарлама жасады.
Хабарламадан соң, жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын қорытындысымен мерзім бұзушылықтардың алдын - алу мақсатында мемлекеттік қызметтердің уақтылы орындалуын жеке бақылауға алу мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың оңтайлы жолын түсіндіру мақсатында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу сынды бірқатар нақты тапсырмаларды жүктелді.
"Толқын" ақпарат

01 маусым 2022 ж. 324 0