Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды

Аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Бохаевтың төрағалығымен мекемелердегі мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері жөнінде мәжіліс өткізілді. Жиынға қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.Мәжілісте алдымен аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Ж. Қаратаевтың аудан әкімдігіне қарасты мекемелердегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері мен олардан тұрғындардың негізсіз бас тартуын болдырмау, алдын алу жағдайлары бойынша хабарламасы тыңдалды.
Қазіргі таңда қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуде. Бұл ақпараттық жүйе өткен жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің толық автоматтандырылуына байланысты іске қосылған болатын. Соған сәйкес, аталған ақпараттық жүйе арқылы барлық қала,кент және ауылдық округтерде мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіліп келеді.
Хабарламашыдан соң аудан әкімі аппаратының басшысы тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінен бас тартуына жауапты мамандардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білмеуі, ұқыпсыздығы, енгізілген мәліметтердің дәйексіздігі, кадрлардың тұрақтамауы, басшылық тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы сынды жағдайлар себеп болатындығын айтып өтті.
Осыған орай, аталған жағдайларды болдырмау үшін, қызмет алушыларға түсінікті болатындай сапалы қызмет көрсету қажеттігін айтты.
Мәжіліс барысында қатысушыларға қала, кент және ауылдық округтерден мерзім бұзушылық фактісі анықталып, қызмет алушыларға кешіктіріп жауап берілген деректер орын алған жағдайда жауапты мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы факторлық-балдық шкала бойынша төмендетілетіндігі ескертілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
24 қараша 2021 ж. 315 0