Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр Тамара Дүйсенова Қызылорда облысындағы бірқатар оңалту орталықтарында болды

Министр Тамара Дүйсенова Қызылорда облысындағы бірқатар оңалту орталықтарында болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы мен Талсуат ауылындағы Мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталығына, сондай-ақ Шиелі ауылындағы балаларды оңалту орталығына барды.

Еңбекминнің басшысы медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысып, мекемелердің ұжымдарымен және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен (бұдан әрі – АӘҚ) кездесті.

Кездесулер барысында Министр Әлеуметтік кодекс жобасында мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақты қатысуына баса назар аудара отырып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту көзделіп отырғанын айтты.

Атап айтқанда, өтініш берушіден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің проактивті форматына көшу көзделеді. Ол үшін арнайы қызметке мұқтаж азаматтардың бірыңғай әлеуметтік тіркелімі құрылады. Оның базасында азаматтардың өтінішін күтпестен, проактивті форматта АӘҚ көрсете отырып, қажеттіліктер карталары қалыптастырылатын және ел ауқымында қызметтердің қолжетімділігі айқындалатын болады.

«Сондай-ақ, әлеуметтік қызметке арнайы қызмет алушылардың отбасыларындағы жұмыссыз мүшелерін тарту жоспарлануда. Оларға тиісті еңбекақы, әлеуметтік аударымдар және еңбек өтіліндегі осы қызмет түрін ескере отырып, жеке көмекші ретінде тіркелу мүмкіндігі беріледі. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап олардың осындай қызметтерді көрсету үшін тиісті дағдылары, қабілеті мен біліктілігінің болуы қажет», – деді Тамара Дүйсенова.

Бұдан басқа ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден АӘҚ алушылардың тұратын жерлерінде орналасқан шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу көзделеді. Мұндай ұйымдарды дамыту жеке сектор субъектілеріне мемлекеттік тапсырысты кеңейту жолымен жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде, ірі интернат-үйлер жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталықтарына немесе әлеуметтік қызмет көрсетудің көпсалалы шағын үйлеріне кезең-кезеңімен ауыстырылады.

Сонымен қатар, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне немесе өмірлік қиын жағдайдың түріне байланысты әлеуметтік қызметкерлердің іс-қимылдарының қадамдық алгоритмін қамтитын арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолда бар стандарттары өзектендіріп, әзірленуі тиіс.

Әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарға арнаулы тауарлар мен қызметтерді, қызмет көрсету ұйымдарын таңдаумен қатар оларға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі де берілетін болады.

«Әлеуметтік қызметкерлер тізілімі қалыптастырылады, онда олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылатын болады. Әлеуметтік қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің дайындалып жатқан кадрлардың білім деңгейіне, дағдылары мен қабілетіне қойылатын талаптарын көрсететін кәсіби стандарттар әзірленетін болады. Ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленеді», – деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

kyzylorda-news.kz
15 желтоқсан 2022 ж. 450 0