Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

«Толыбай Абылаев көптеген поэзиялық жинақтардың авторы. Өлеңін өмірмен ұштастырып, шығармаларын сын таразысына салып, оқырман үшін орамды ойлар мен жырлар арнаған қаламгер. Туған жерге деген толғаулардың жыршысына айналып, халық ықыласына бөлене білді. Отты өлеңдері мен тың туындылары ақынды абырой биігіне шығарды.
Ұрпаққа өнеге болған мол мұраларыңыз көбейіп, жазарыңыз таусылмасын. Деніңізге саулық, шығармашылық табыстар тілеймін!»,- деді Серік Сағитжанұлы.
Шара барысында Толыбай Абылаевтың сиясы кеппеген қос кітабының тұсауы кесілді. «Алақанда - Аралым» атты жинақ пен «Кішкентай балықтың ертегісі» атты шығарма оқырманға жол тартты.
Мерекелік кешке арнайы келген ел ағалары мен ақындар мерейтой иесін құттықтап, арнауларын оқыды.
Айта кетейік, Толыбай Абылаев алғашқы еңбек жолын – ата кәсіп балықшы болып бастап, кейіннен мәдениет пен журналистика саласына бет бұрған. Облыстық және аудандық бірнеше басылымдарда ұзақ жылдар жауапты қызметтер атқарған.
Көрнекті қаламгер қаламынан шыққан «Шағала», «Арал көшіп келеді», «Аралдан соққан жел», «Арал Атлантидасы», «Махаббат дәптері», «Қыран шайыр», «Нұртуған шайыр» атты жыр жинақтарының кітап сүйер қауымның көзайымына айналды.



