Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолаушылар тасымалы басты назарда

Жолаушылар тасымалы басты назарда

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен жиын өтті. Мәжілісте аудан көлемінде жолаушыларды тасымалдаудағы қауіпсіздік шараларының атқарылу барысы қаралды. Жиынға дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.
Алдымен жолаушылар тасымалы және қыс мезгілінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша атқарылған жұмыстар туралы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ш. Есжанов айтты.
Ал, жолдағы қауіпсіздік шаралары бойынша жасалған жұмыстарды аудандық полиция бөлімінің бастығы Н. Шегебаев саралап өтті.
Аудандағы жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер туралы Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е. Садықов баяндама жасады.
Жиынға қатысқан жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерде тиісті бөлімдерге көкейдегі сауалдарын қойып, алдағы уақытта бірлесе жұмыстар жүргізу бойынша уағдаласты.
«Жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер көбейіп, соның салдарынан көптеген жол-көлік оқиғалары тіркелуде. Осындай келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірлесе жұмыс жасап, нақты шараларды қабылдауымыз қажет. Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәріміздің басты міндетіміз»,- деді аудан әкімі Серік Сағитжанұлы.
Аудан әкімі аудандық полиция бөлімі, салық органдарымен бірлесе заңсыз жолаушылар тасымалын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды және көліктік бақылау инспекциясының қатысуымен заңсыз тасымалды болдырмау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастыру керектігін тапсырды.
"Толқын" ақпарат
22 желтоқсан 2022 ж. 314 0