Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов аудандық жұмыспен қамту орталығында жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер негізінен жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінді. Тұрғындар мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмыс сұрады. Ал олардың бірқатары мектеп, балабақша және өзге де мемлекеттік мекемелерге техникалық қызметкер болып жұмысқа тұруға ниетті екендіктерін жеткізді.
Қабылдау барысында келушілерге қазіргі таңдағы бос жұмыс орындары ұсынылды.
Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары жұмыс орындары босаған жағдайда заңдылыққа сәйкес кезектілікте тұрған адамдар жіберілетінін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге қабылдауда көтерілген мәселелер басты назарда болатынын айтып, мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
23 желтоқсан 2022 ж. 322 0