Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қамыстыбас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Қамыстыбас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі С. Сермағамбетов Қамыстыбас ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Ауыл халқының қатысуымен өткен жиында өңірдегі оң өзгерістер мен атқарылған жұмыстар легін атап өтті.
Аудан басшысы өз сөзінде өңірдегі макроэкономикалық көрсеткіштерге жіті тоқталып, ауылшаруашылығы саласы бойынша аймақта үздік аудан атанғанымызды жеткізді. Биылғы жылы бастау алған бірнеше елді мекеннің жол жөндеу жұмыстары өтпелі негізде болғандықтан келер жылы жалғасын табатындығын тілге тиек етті. Сонымен бірге, Сексеуіл кентін газдандыру мен Көктем елді мекенін ауыз су желісіне қосу да алдағы жылдың еншісінде екендігін айтты.
Қамыстыбас елді мекенінде №21 орта мектебінің қосымша құрылысын салу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауыл ортасынан бой көтерген денешынықтыру-сауықтыру кешенінің де құрылысы аяқталуға жақын. Мұнымен бірге елді мекенге көгілдір газ тарту үшін АГТС орнатуға жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.
Кездесуде айтылған тұрғындар ұсынысына сәйкес көшелерді жарықтандыру және электр тогының қуатының аздығына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар түсіндірілді. Ал жаңадан қазылған ұңғымадағы су қысымының аздығына байланысты алдағы уақытта мал суарылымы үшін қосымша насос пайдаланылатын болды.Жиын соңында аудан басшысы ауыл ардагері Есенбаев Амангелдіге Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Еңбек сіңірген орман өсіруші" төсбелгісін табыстады.

"Толқын" ақпарат
28 желтоқсан 2022 ж. 388 0