«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

Іс-шараға «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы, өңірдегі саяси кеңестің мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысуда.
Конференция барысында ашық дауыс беру арқылы Наурызбай Байқадамов партия филиалының төрағасы болып сайланды. Наурызбай Сейтқалиұлы Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.
kyzylorda-news.kz