Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті зейнет демалысына шықты

Құрметті зейнет демалысына шықты

Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Мақпалбай Көлдеевті әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Мақпалбай Итеменұлы еңбек жолын 1976 жылы бастаған. 1983 жылдан бастап қаржы саласында мінсіз қызмет атқарса, 14 жылдан астам уақыт аудандық қаржы бөлімінің басқарды.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Мақпалбай Итеменұлын құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен қаржы саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Одан соң ауданның Құрмет грамотасымен марапаттап, Арал ауданының танымбелгісі бейнеленген естелік суретті табыстады.
Басқосуда сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Танымбетов Мақпалбай Итеменұлына ардагерлер кеңесінің куәлігін табыстап, өзінің ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Ақыл Сәдуақасова Мақпалбай Итеменұлының жауапты саладағы жетістіктері мен жемісті қызметтерін тілге тиек етті.
Өз кезегінде Мақпалбай Итеменұлы аудан әкіміне және бірге қызмет атқарған әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Толқын" ақпарат
15 қаңтар 2023 ж. 287 0