Құрметті зейнет демалысына шықты
Бүгін Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Длмағамбетов Нұржау Әзбергенұлын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Нұржау Әзбергенұлы еңбек жолын 1985 жылы Арал судрем зауытында от жағушы болып бастаған. 20 жылдан астам уақыт бойы Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Нұржау Әзбергенұлын 63 жас мерейтойымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен Қамыстыбас ауылдық округінің дамуы жолында ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, иығына шапан жапты. Сондай-ақ аудан көлеміндегі ең үлкен марапат - Арал ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Өз кезегінде Нұржау Әзбергенұлы аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.