Қызылордада биыл 8 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

«Білім берудің үздік тәжірибесін сақтай отырып, ұстаздардың біліктілігін көтеруді лайықты жалғастырып келеміз. Былтыр өңірімізде 7610 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтсе, биыл тағы да 8 мыңға жуық ұстаз біліктілігін арттыратын болады. Сонымен қатар жыл көлемінде білім сайыстарында жеңімпаз болған 81 педагог пен 200-ден астам оқушыға сый-сияпаттар табысталды. Ал республикалық білім бәсекелерінде 14 ұстазымыз озық атанып, жүлдегер атанды. Тағы бір жеңісіміз, «Мектепке дейінгі үздік ұйым – 2022» республикалық байқауында «Бегім ана» бөбекжай бақшасы жүлделі І орынды иеленді. Жалпы республикалық, облыстық сайыстарда үздік атанған педагогтер лайықты түрде марапатталуда. Былтыр өткен «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 4 ұстазымыз алғаш рет үздіктер қатарынан көрінді. Ал облыстық байқауда жеңімпаз атанған алты ұстазға 918 мың теңге көлемінде сертификат табысталды», - деді басқарма басшысының орынбасары Бағдат Кәрібозұлы.
kyzylorda-news.kz
Фото: kazbilim.kz