«COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кеңінен қанат қағуына ықпал жасайтын, жастардың білімін шыңдайтын заманауи білім орталығының ашылуына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты. Аудан басшысы: -«Бұл орталық жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін мүмкіндік береді. Келушілер бос уақыттарын тиімді өткізеді. Көптеген қызықты іс-шараларға, акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары мен зияткерлік ойындарға қатысып, интернет қызметін пайдаланады. Алдағы уақытта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс істеп, кітапсүйер қауымның бас қосар нағыз орталығына айналуына тілектеспін» - деп ізгі лебізін жеткізді.
Орталықтың ашылуына жетекші партия мүшелері, кітапхана оқырмандары, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты. Жаңа орталықтың лентасы қиылғаннан кейін көпшілік ішке кіріп, арнайы орындармен танысты.
"Сoworking" орталығында 4 аймақ жұмыс жасайды. Wi-fi аймағында кітапхана пайдаланушылары ыңғайлы жағдайда тегін сымсыз интернетке қол жеткуізе алады.
Конференция алаңында түрлі дөңгелек үстелдер, ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізіледі.
Релаксация аймағы - қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, ойын-ойнап немесе теледидар көруге болатын аймақ.
Кофе аймағы – хош иісті кофе ішуге арналған аймақ.