Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грантта оқығандар аудандағы лауазымға конкурссыз тағайындалады

Грантта оқығандар аудандағы лауазымға конкурссыз тағайындалады

Биылдан бастап мемлекеттік грантпен жоғары оқу орнын аяқтаған түлектер аудандардағы төменгі лауазымға конкурссыз тағайындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты заңға өзгерістер енгізілді. Біріншіден, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған түлектеріміз аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалатын болады», – деді ол агенттіктің кеңейтілген алқа отырысында.

Төрағаның сөзінше, бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.

–Бұл заң қабылданды. Биыл бітіретін түлектеріміз осы қағидамен жұмысқа орналасады, – деді Дархан Жазықбаев.
20 қаңтар 2023 ж. 369 0