Сенатта комитет басшылары тағайындалды
Бүгін Парламент Сенатында бірқатар комитет басшылары сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Андрей Лукин Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетін басқарады.
Асқар Шәкіров Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Сүйіндік Алдашев Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Нұртөре Жүсіп Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
Әли Бектаев Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды.
Бұған дейін Мәулен Әшімбаевтың қайтадан Сенаттың спикері болғаны, Ал Жақып Асановтың Сенаттың вице-спикері болып сайланғаны хабарланған еді.