Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатта бірнеше комитеттің төрағасы тағайындалды

Сенатта бірнеше комитеттің төрағасы тағайындалды

Сенатта комитет төрағалары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Владимир Волков Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарады.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы болып Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалды.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің басшысы - Мұрат Бақтиярұлы.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетін Әли Бектаев басқарды.
Сенатор Серік Жақсыбеков экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің басшысы қызметін атқарады.
Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы - Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековтің ағасы.
1956 жылы 1 наурызда туған. Бұрын "Цеснабанк"АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Бесінші шақырылған астана мәслихатының депутаты болып сайланды.
Дариға Назарбаева Сенат Төрағасы болып сайланды. Сенат төрағасының орынбасары болып Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Асқар Шәкіров тағайындалды.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/senatta-brneshe-komitettn-toragasyi-tagayyindaldyi-300778/
02 қыркүйек 2019 ж. 620 0