Қазақстанда оқу жылын аяқтау және мектептерде емтихандарды өткізу мерзімі белгіленді

Осылайша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектептердегі сабақтар 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.
9 (10) сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 2023 жылғы 2 маусым мен 13 маусым аралығында өткізіледі;
11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5 маусым мен 19 маусым аралығында.