Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 27 шілдедегі «Орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығы мен каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021- 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын», деп жазылған құжатта. 
- 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;
- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12)-сыныпқа арналған каникул кезеңдері:
  • күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан  аралығында),
  • қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),
  • көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
1-сыныпта қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).
Бұйрық 9 тамыздан бастап күшіне енеді.
04 тамыз 2021 ж. 761 0