Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырбойылық зияткерлер олимпиада жүлдегерлері атанды

Сырбойылық зияткерлер олимпиада жүлдегерлері атанды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңінің қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 оқушысы жүлдегер атанды.

Атап айтқанда, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Санжар Наят (жетекшісі Гүлнұр Беимбетова) биологиядан және Алмас Аскербаев (София Тобылбаева) физикадан сайысқа түсіп, үшінші орынды жеңіп алса, Әділхан Жантурин (жетекшісі Сәуле Шажанбаева) биологиядан мықтылығын дәлелдеп, жүлдегерлер тұғырының екінші сатысына көтерілді. Қазақ тілі білгірлері арасында Үміт Сұлтанаева (жетекшісі Гүлзат Шынтасова) мен Айя Сердалы (жетекшісі Гаухар Мананбай) және орыс тілінен Сая Ибайдулла (жетекшісі Жанар Омарова) оза шауып, жүлделі екінші орынды иемденді. Ал Інжу Нұрсейіт (жетекшісі Айнұр Бекеева) ағылшын тілінен бақ сынасып, үшінші орынмен марапатталды. «Құқық негіздері» пәнінен Жібек Кучербаева (жетекшісі Нұркен Абджалиев) жоғары білім көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды.

kyzylorda-news.kz
20 ақпан 2023 ж. 303 0