Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр

Қызылорда облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр

Сыр өңірі индустрия мен әлеуметтік салаға жеке сектордан қаржы құю бойынша республикада көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар24» арнасына сілтеме жасап.

Аймаққа 400 млрд теңгеден астам қаржы тартылған. Қызылорда облысында қала, аудан, ауыл әкімдерінің жұмысы өз өлкесіне инвестиция тарту көрсеткішімен ерекшеленеді.

Үздік нәтиже көрсеткен ауданның бірі – Қазалы. Мұнда инвестицияның басым бөлігі ауылдарды дамытуға арналған. Мәселен, өткен жылы 18 миллиард теңге инвестиция тартылған Қазалы ауданында құрылыс қарқын алып, 25 ірі өндірістік-сауда орталығы салынды. Сонымен қатар демеушілер көмегімен ондаған әлеуметтік нысан бой көтерді. Үрмаш Түктібаев ауылы тұрғындарының сұранысымен салынып жатқан спорт кешенінде ашылатын үйірмелерге жастар осы бастан тіркеліп жатыр. Сонымен қатар елді мекен шаруаларының өтініші бойынша егістікті суаратын 12 шақырымдық арна тазаланды.

«Халық ұсыныстарының бірі интернет жүйесі болса ол өз кезегінде орындалды. Елді мекен орталығына жоғары жылдамдықты интернет құрылып, пайдалануға берілді. Биыл ауылішілік 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Алға ауылдық округінің әкімі Олжас Ахметов.

2023 жылы ауданға 20 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Қаржы негізінен ауыл жолдарын жаңғыртып, шалғай елді мекендерде жеке балабақша желісін қалыптастыруға бағытталады.

21 ақпан 2023 ж. 202 0