ТҮЙЕ БАҚҚАННЫҢ ТАБЫСЫ МОЛ
Шындығында, түйе баққанның табысқа кенелетінін көп қазақ біледі. Білсе де бейнетінен қорқа ма, мал десе мазасы қашатындар көбейген қазір. Мәселен, түйені қазір ешкім соңына түсіп бақпайды, тек қарайды. Ал, шөл даланың патшасы жарықтық түйе басы аман болса, жылдан-жылға еселене береді. Өткен жылы ұлттық арнадан берілетін «Қарекет» бағдарламасынан түйесі көп кәсіпкерді кейіпкер етіп көрсетті. Мен ол кісінің өмірі мен қазіргі тіршілігіне таңдана әрі таңғала қарадым. Есімі – Сыдық, тегі – Дәулетов. Ол осыдан 25-30 жыл бұрын алдына мақсат қойған екен. Оған түрткі болған жайт, түсіне аса таяқ ұстаған кісі еніпті. Қазақ танымында түсіне аса таяқ енген адам өмірінде төрт түліктің иесі болады деген түсінік бар емес пе?! Алдына қойған мақсатты жүзеге асырмақ ниетпен ол отбасымен бірге базарға, вокзалға шығып, тамақ істеп сатады. Содан түскен қаржыны жинап, бір түйе сатып алады. Сол бір бас түйесі бүгінде 5 мыңға жетіпті. Мен бұл кісіні жай кәсіпкер ретінде білсем де, әлемде түйесі көп екінші адам екенін білмеппін. Қазіргі таңда ол Алматы облысын тұтастай шұбатпен қамтамасыз етіп отыр. 2009 жылы шұбат өндіретін зауыт ашса, қазіргі таңда түйе сүтімен емделетін арнайы санаторийін іске қосқан. Міне, осының бәрі бір түйенің берекеті десе, ешкім сенбес еді. Бірақ бұл – өмір. Ал, өмірде бәрі де мүмкін.
Хош... Осыдан соң бәзбіреулер білек сыбанбаса да, үйінде жатып сол шаруаның соңына ойша көз салып көретін шығар. Алайда, бес батпан бейнетіне келгенде, беттен басатыны анық. Десе де, Қызылорда облысы да түйе шаруашылығынан кенде емес. 5 мың басы болмағанмен, 5 жүз түйе өргізіп отырғандар бар. Соның ішінде Арал облыс бойынша аудандар арасынан түйе саны жағынан көш бастап тұр. Қазіргі есеппен қарайтын болсақ, Арал ауданындағы түйе саны Ақтөбе облысынан әлдеқайда көп. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда аудан бойынша түйе өсімі 7,7 пайызға артып отыр. 2017 жылы ауданда жалпы түйе саны 25396 басты құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 1947 басқа артыпты. Ал, статистикалық мәліметте Ақтөбе облысы бойынша түйе саны 16 мыңға жуық екен. Ал, Қызылорда облысында түйе саны 42 мыңнан асады. Демек, біздің аймақ түйе бағуға қолайлы. Оның бір себебі, аймақтың тұздылығы мен шөлейттілігінен болар.
Енді сұрақ. «Осындай өсіммен, оңтайлы есеппен бізде шұбат өндірісі неге шала?» Шынтуайтына келгенде, осы бір кәсіптің өндіріске айналғанын көру әзір арман болған күйі қала беретін шығар. Бізде табынтабын түйе өсіріп отырғандар қаншама?! Алайда, осы кәсіпті шынайы қолға алып, одан шығатын өнімді жергілікті брендке айналдыру ісі жоқ. Қазіргі уақытта ауылдық жерге барып, кез келгеннің қорасына кірсеңіз, боталы түйе кезіктіресіз. Демек, Арал ауданында түйе шаруашылығы кең өріс жайған. Бірақ, базар сөрелерінде арнайы қаптамаға құйылып, сатылымда тұрған мұндай өнімдерді көзіміз шалған жоқ.
Жалпы, түйе малына тоқталар болсақ, оның пайдасы, бағудағы жеңілдіктері жайында көптеп айтуға болады. Себебі, түйе күтімді көп қажет етпейді. Түйе шаруашылығы – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Тіпті, республикадағы барлық жайылымдық жердің 64 пайыздан астамын түйе шаруашылығына тиімді шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төзімдісі санаған. Елімізде түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше дамуда. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылығы малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. «Шөл кемелері» саналатын түйелер арнайы күтімді талап етпейді. Олар басқа ауыл шаруашылық жануарлары қоректенбейтін, жеуге жарамсыз ащы жусанмен, арам шөптермен, тікенді бұталармен азықтанады. Түйелер бірнеше күн бойы су ішпей немесе адамдарға пайдалануға жарамсыз тұзды суды іше салады. Түйе өркештерінде оларға қоректік азық тапшылығы кезінде бірнеше күн бойы сусыз өмір сүруге көмектесетін майлары бар. Міне, осы сынды артықшылықтарымен салаға орынды жұмсалған қаржы 5-6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденіп отыр. Біздегі түйе санының еселеп артуы, бәлкім, осы сынды тиімділіктердің арқасында шығар.
Ал, түйенің сүті мен одан дайындалатын шұбаттың пайдасына келер болсақ, ол жайында да айтарымыз бар. Түйе сүті аллергия, қант диабеті, ас қорыту бұзылысы, сондай-ақ, лактозаға төзе алмайтын адамдар үшін пайдалы болады және осы адамдар тобы үшін бұл сиыр сүтіне керемет балама. Сүттің сапасы мен тазалығы – оның биологиялық қауіпсіздігінің кепілі. Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98 пайызды құрайды. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан, ұзақ мерзімге сақталады. Дәрігердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге, асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.
Түйе өнімі жайлы тізбектеп шықтық. Енді тақырыптың басына оралсақ. Осыдан 5-6 жыл бұрын құландылық Н.Тілеуов осы шаруаны қолға алмақ ниетпен шұбат өндірісін бастаған. Бәлкім, біз жоғарыда сөз еткен шұбаттың адам ағзасына тиімділігі мен пайдасын өз тәжірибесінен өткізгендіктен болар. Мыңнан астам түйесі бар «Құланды» ЖШС мал басы санын еселеп арттырғанымен, одан өнім алу ісіне келгенде қиындықтарға кезіккен тәрізді. Арнайы технология алдырып, шұбат дайындау ісіне білек сыбана кірісті. Десе де, оны экспорттауға келгенде жұмыс жүрмеді, белгілі бір мөлшерде сұраныс болмады. Ал, пайдасыз іспен айналысу кім-кімге де тиімсіз екені айтпаса да түсінікті шығар. Қазіргі таңда қожалық төрағасы бұл өнімге сұраныс болса, қайта қолға алуға құлықсыз емес. Арнайы технологиялары да дайын тұр. Алайда, базар сөрелерінде шұбат өнімдері қазіргі таңда ауылдық жерлерден литрлеп келіп тұр. Өзіне керек өнім тиісті деңгейде жеткізіліп тұрғандықтан, оны бүгінде көбі іздемейді. Іздеген күннің өзінде базардан табуға болады.
Осы шаруаны қолға алмақ ниетпен «Агробизнес» бағдарламасы бойынша «Арал ырысы» несиелік серіктестігінен қомақты мөлшерде қаржыға қол жеткізіп, оған түйе алған жанның бірі – Н.Текебаев. Ол мемлекет жасаған мүмкіндіктің арқасында 96 бас аналық түйе, 3 бас асыл тұқымды аталық түйе алды. Қазіргі таңда өрісін Ойсылқараға толтырған Н.Текебаевтың негізгі мақсаты – оны бағып, санын еселеу. Сондай-ақ, сұраныс болса оның сүті мен еті, қала берді жүнінен де пайда көруді көздейді.
Қалай айтсақ та, қазақтың күнкөрісі мал шаруашылығымен байланысты екенін екінің бірі біледі. Алайда, ауылда тұрса да мал ұстамайтын, ұстауға мүмкіндік болса да мойын бұрмайтындар көп. Кәсіпкерлікке жасалып жатқан қолдауды тиімді пайдаланып, ата кәсіпті алға оздырса, төрт түліктен түсер табыс көп.
А. БИСЕНОВ