Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде семинар-кеңес өтті

Қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде семинар-кеңес өтті

Аудандық мәдениет үйінде облыстық тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде семинар өтті.
Семинар-кеңеске аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппаратының, дербес бөлімдердің, мекеме басшыларының және қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің есепшілері мен қаржы жөніндегі жауапты мамандарының қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен өткен жиында 3 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселелері талқыланып, мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы өзгерістер мен мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелері түсіндірілді.
Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген облыстық тексеру комиссиясының маманы М. Сатлабаев, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Б. Нұрмаханов және аудандық қазынашылық басқармасының басшысы А.Алимбетов аталған тақырыптар жөнінде баяндама жасап, қатысуышылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинар кеңесте қатысушы есепшілер талықыланған мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сауалдарына жауап алды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
12 наурыз 2023 ж. 261 0