Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде 486 002 сайлаушы бар

Сыр елінде 486 002 сайлаушы бар

Бүгін сайлау процесінің өту барысы туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз брифингін өткізді.

Барлық сайлау учаскелері талапқа сай, арнайы кабиналармен жабдықталған. Сайлау учаскелері жергілікті сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Облыста 486 002 адам сайлаушы ретінде тіркелген, -деді Ә. Ерсұлтанов.


Азаматтарға дауыс беру учаскесін нақтылау үшін 20 қаңтардан бастап 109 кол-орталығы, «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі (saylau.orda.gov.kz) іске қосылды. Бүгінгі күні сервисті 30 мың тұрғын пайдаланды.


Сервисте әрбір азамат жеке сәйкестендіру номерін (ЖСН) енгізе отырып, тіркелген сайлау учаскесі туралы мәліметті және сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын картадан онлайн көре алады.


Сонымен қатар, telegram-бот (sailau_kzoBot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы сайлаушылар тізімінен тексеру мүмкіндіктері бар. Бұл қызметті де 9 мыңға жуық сайлаушы пайдаланған.


Бүгін 24 сағат 109 call орталығының қызметі қолжетімді.


Мұнан бөлек, egov порталында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисін орнату үшін 169 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

aqmeshit-aptalygy.kz​​​
19 наурыз 2023 ж. 250 0