Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Наурыз мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Наурыз мерекесімен құттықтады

Қадірменді жерлестер!
Тіршілік атаулыға жан бітіп, Жер-Ана жаңаратын, күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы еритін елеулі шақта тұрмыз. Сіздерді осы бір мерейлі сәтпен тұспа-тұс келетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Жер-ана қайта түлеп, күн мен түннің теңеліп, «Самарқанның көк тасы еріген күн» деп аталатын бұл күннің біздің жұртымыз үшін маңызы ерекше.
Олай дейтініміз ұлттық құндылықтарымыз бен әдет-ғұрып,салт-дәстүрлеріміз ерекше дәріптеледі. Жыл басы – Наурыз оң өзгерістің, игі жаңалықтың, ізгіліктің жаршысы. Сондықтан да бұл күні адамдар бұлақтың көзін ашып, тал еккен, әлсізге тірек, әлжуазға қорған болған, жүрегінің жылуын, қолының қайырымын сыйлаған.
Бес мыңжылдық тарихы бар әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, болаттай берік бірліктің, ырыс пен ынтымақтың бастауы болып саналған. Бұл күні қыстан аман шықтық деп қуанған жұрт ағайын арасында болған өкпе-ренішті ұмытып, бір дастарқан басында табысып, бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді. Жаңа жылға жақсылықпен жеткеніне шүкіршілік етіп, келер жылдан кемелдік тілеп, ақ пейілдерін арнайды. Халқымыз бұл кезеңді береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санаса, мерекені кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен өзара түсіністіктің мезеті деп бағалаған.
Құрметті ағайын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтай түсетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы елімізге, әрбір отбасына ауызбіршілік пен қуаныш, құтбереке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Халқымыз қашанда жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күннен үмітін үзбеген.
Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын!
Әз-Наурыздағы барша тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын!
Ұлыс оң болсын !
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
21 наурыз 2023 ж. 227 0