Арал өнімдері көпшілікке назарында

Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агроөнеркәсіп кешенінің 100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды.Олардың арасында Арал ауданы тарапынан «Аралтұз» АҚ-ның тұз өнімдері, «Aral Quartz» ЖШС-ның кварц құмы шикізаты, жеке кәсіпкер «Нысанбаев Жансеріктің» шыны талшықты пластик қайық өнімдері және жеке кәсіпкер «Жолмахан Нұрсұлудың» шұбат өнімдері бар.
Көрменің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасасу. Көрме отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған және кәсіпорындарды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және импортты алмастыратын өнімдердің ассортиментін арттыруға ынталандыру болып табылады.
Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылған. Қатарында мердігер компаниялар және әртүрлі саладағы жобалық ұйымдар, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар және жергілікті атқарушы органдар бар. Барлығы да отандық өнімдердің кең көлемде қолдау тауып, әлемдік стандарттарға сай өнім қалыптастыруға ниетті.
«Толқын» ақпарат